SKILLS TECHNOLOGY FORESIGHT  әдісі  негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа кәсіптері мен құзыреттері  атластарын әзірлеу

SKILLS TECHNOLOGY FORESIGHT әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа кәсіптері мен құзыреттері атластарын әзірлеу

Жоба жетекшісі: Егенисова Алмажай Құлжанқызы

«Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" КеАҚ;

Ақтау

К. Жубанова атындағы Ақтөбе аймақтық университеті

Ақтөбе

Х.Досмухамедов атындағы Атырау Университеті

Атырау

Жәңгір хан университеті

Орал

Жоба мерзімі:

2023-2025 жж.

Қаржыландыру сомасы:

249 929 572 теңге

Жоба мақсаты:

Еңбек нарығын форсайт-болжау әдісін қолдана отырып, мамандарды озық даярлаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу, жаңа кәсіптерге қажеттіліктерді картаға түсіру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және еңбек нарығын озық кадрлық қамтамасыз етудің өңірлік стандарттарын енгізуді ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Ғылыми жаңалығы:

- жаңа кәсіптердің өңірлік атластары әзірленетін болады;
- өңір үшін өзекті мамандықтардың тізбесі
қалыптастырылады және олар бойынша қажеттіліктер айқындалады;
- кәсіптер мен кәсіптік стандарттар тізілімін өзектендіру бойынша ұсыныстар берілетін болады;
- өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес келетін және жаңа кәсіптер бойынша кадрлар даярлау үшін еңбек нарығының жаңа сын-тегеуріндері мен талаптары үшін мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін жаңа кәсіптер атласының ұсынымдарын жаңарту және/немесе жаңа, инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы іске асыруға бағытталған жоғары оқу орындарының карталары әзірленетін болады;
- жаңа кәсіптер бойынша кадрлар даярлау үшін қолданыстағы және/немесе жаңа және/немесе инновациялық білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.

Жоба бойынша атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстары

Зерттеу тобы

Жарияланған мақалалар тізімі