Гейдар Алиевтің Түркі әлемін нығайтудағы рөлі

11 желтоқсан күні Yessenov University Атриум залында «Әзірбайжан халқының ұлттық көшбасшысы Гейдар Алиевтің Түркі әлемін нығайтудағы рөлі» атты конференция аталып өтті.
 
Аталмыш конференция Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы және Yessenov University, сонымен қатар университеттің жанындағы Әзірбайжан орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Конференция барысында Әзірбайжан халқы көшбасшысының өмір жолы мен отбасы хақындағы жазылған «Зарифа және Гейдар Алиевтер – мәңгілік махаббат» атты танымдық кітаптың тұсаукесер рәсімі болды.
Кітап авторы Әзірбайжан Жазушылар Одағының Басқармасының мүшесі, философия және филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Эльмира Ахундова, сонымен қатар Әзірбайжан орталығының басшысы Илькин Оруджов, Түрік Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Сабри Альптекин, «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының профессоры Ахмет Демеев және Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эльчин Маммадов конференцияда көшбасшы тұлға жөнінде арнайы баяндама жасады.

Сөз кезегінде Yessenov University Президенті Берік Ахметов екі ел арасындағы бейбітшілік пен Түркі әлеміндегі екі бауырлас елдердің туыстық қарым-қатынастары хақында айта келіп, Әзірбайжан көшбасшысы туралы өз ойымен бөлісті.

Жиын соңы мерекелік ісшарамен жалғасын тапты.