YU Президентінің есепті кездесуі

3 қараша күні Yessenov University-де 2022-2023 оқу жылында атқарған қызметі туралы білім ордасының Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов қоғам алдындағы дәстүрлі есепті кездесуін өткізді.

2022-2023 оқу жылында адами капиталдың дамуы студенттер контингентінің өсуінен көрінеді. 2018 жылдан бастап университет студенттері 5531-ден 8930-ға дейін өсті.
Баршаға мәлім, біз санға емес, сапаға көңіл бөліп келеміз. Университет түлектерінің жұмыспен қамту деңгейі көрсеткіш бойынша 91.2% құрап отыр.

2018 жылдан бері – Университеттің ғылыми зерттеулерінің тиімділігі гранттық қаржыландырудың әсерлі ұлғаюымен расталады. Айтар болсақ, 2019 жылдан бастап 26 есе, 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 5 есе өсіп, 1,17 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының құрылысын бастады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Логистика» және «Энергетикалық және экологиялық инжиниринг» білім беру бағдарламалары іске қосылды. Екі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 45 студент қабылданды. Институт 2030 жылға қарай 8 бакалавриат және 6 магистратура бағдарламалары бойынша барлығы 1725 студент оқытуды жоспарлап отыр.

Кездесу басында өткен оқу жылында өткізілген іс-шаралардың бейнеролигі көрсетілді. Есеп офлайн форматта өтті, және Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирден трансляцияланды.
Есеп беру соңында сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалады.