Конкурстың мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру.
2024-2026 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы – 9 млрд. теңге.
Осы конкурста жоба сомасы жыл сайын 30 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды (үш жылға 90 млн. теңге);
Жобаны іске асыру үшін қажетті сұратылатын қаржыландыру сомасы оның ішінде жабдықтар сатып алуға – 2024 жылға 30 млн.теңгеден, 2025 жылға 30 млн. теңгеден, 2026 жылға 30 млн. теңгеден аспауы қажет.
Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласындағы жобаны іске асыру үшін қажетті сұратылатын қаржыландыру сомасы – 2024 жылға 25 млн.теңгеден, 2025 жылға 25 млн. теңгеден, 2026 жылға 25 млн. теңгеден аспауы керек.
Жобаның ғылыми жетекшісі Қазақстан Республикасының резиденті болуға және өтінім беру сәтінде жасы 40 (қырық) жастан (қоса алғанда) аспауы тиіс.
Жоба жетекшісін қоса алғанда, жобаның зерттеу тобы мүшелерінің жасы өтінім беру сәтінде қоса алғанда 40 (қырық) жастан аспауға тиіс. Өндірістегі инженерлердің және шетелдік ғалымдардың үлесі 30 % – дан аспау қажет.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер ҒЖБМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2023 жылғы 16 қазан.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 13 қараша (қоса алғанда).
Толық ақпаратты осы сілтемеге өту арқылы қарай аласыз. https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/634817?lang=ru