Еркін күрестен ХІІ жазғы Универсиада басталды!

Еркін күрестен Универсиада жарыстарына 20 жоғары оқу орны қатысуда.
 
Универсиада 24 мамыр – 23 маусым аралығында Ақтау қаласында 17 спорт түрінен өтуде: жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, футзал, каратэ-до, баскетбол 3*3, бадминтон, волейбол, таэквандо, еркін күрес, дзюдо, грек-рим, қазақ күресі, әйелдер күресі, бокс. Мұнда 272 алтын, 272 күміс, 396 қола, 96 кубок, 1036 диплом сарапқа салынады.
 
Жарыс кестесіне сәйкес үстел теннисі, жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ, футзал, каратэ-до, баскетбол 3*3, бадминтон жарысы аяқталды.