Ағлен Таласбаевамен «Адалдық сағаты» атты кездесу өтті

Ақпанның 1 күні телевизия саласының үздік маманы, талантты журналист, ұлағатты ұстаз, қоғам белсендісі Ағлен Таласбаевамен «Адалдық сағаты» атты кездесу өтті. Кездесуде Ағлен Таласбаева өмір жолында кездескен қызықтары мен қиындықтары туралы баяндады. Кездесуде адал болуды, ешкімнің ала жібін аттамауды және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмауды сөзге тиек етті.Студенттерге адалдық, сезім, махаббат сияқты құндылықтарды бағалау қажет екендігін терең түсіндіріп, өлең шумақтарын оқыды.Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде – бір мемлекеті, бірде – бір саяси жүйе, бірде – бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
 
Ағлен Таласбаева жастарды ғылымға, тәрбиеге, білімге баулу жолында орасан еңбек сіңірген қоғам қайраткері.