29 қараша күні YESSENOV UNIVERSITY де сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында үздік идеяға (жобаға) байқау өтті!
Жобаның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды арттыру арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жобаның міндеті-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жою әдістерінің жаңа жүйесін ұсыну.
Жоба тақырыбы- «Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі үздік жоба!»
Байқауға YESSENOV UNIVERSITY студенттері мен магистранттары қатысты.
Аталған байқауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы, “Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының сарапшысы Қарабалин Нұрлыбек Жаңабайұлы және “Маңғыстау-Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Шамшадинова Арайлым қазылық етіп, жеңімпаздары анықтап дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады!