19 мамыр күні Yessenov University шаңырағында халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары, жазушы, ұлттық құндылықтарды насихаттаушы қаламгер, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметованың «Аманаты асқар таудай ана» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында Зейнеп апа қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының құндылығын жіктеп айтып беріп, жастарға тәлім-тәрбие тұрғысынан ой толғады. Атасы Бауыржан Момышұлының ғибратты сөздерін, өнегелі өсиетін жеткізді.
Көрермен қауым көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Кездесу соңында Yessenov University президенті Берік Ахметов құрметті қонақ Зейнеп Ахметоваға университет ұжымы мен жастар атынан алғысын білдірді.
#yessenovuniversity