«ҚР ЖОО студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада» тақырыбында брифинг өтті

23 мамыр күні Yessenov University Sport Club кешенінің баспасөз алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «ҚР ЖОО студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада» тақырыбында брифинг өтті.
 
Брифингке ҚР Оқу-ағарту министрлігі Спорттық іс-шаралар, статистика және талдау басқармасының басшысы Мира Мұхамадиева, Yessenov University президенті Берік Ахметов, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Айбек Имашев қатысты.
Спикерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен алғаш рет Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 2023 жылғы 24 мамыр – 24 маусым күндері ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада ойындары өтетіндігі туралы айтып, БАҚ өкілдері мен тікелей эфир қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.
 
Бұл универсиаданың алдыңғыларынан ерекшелігі – бұрын спорт түрлері бойынша үш-төрт қала қамтылған болса, бұл жолы барлық жарыстар бір аймақта ұйымдастырылады. Жалпы универсиада бағдарламаларында 30-дан аса спорт түрі болса, қазіргі таңда олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдап алынды.
 
Жарыс түрлері өтетін орындар мен уақыты:
 
«Теннис орталығы» спорт кешенінде:
үстел теннисі (25-29 мамыр).
 
Yessenov University бас корпусында 4-7 маусым күндері шахмат сайысы өтеді.
 
«Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде:
грек-рим күресі (20-21 маусым);
қазақша күрес пен дзюдо (21-23 маусым);
еркін күрес (18-19 маусым);
әйелдер күресі (18-19 маусым);
жеңіл атлетика (2-4 маусым).
 
«Халық-Арена» спорт сарайында:
ерлер мен әйелдер командалары арасындағы баскетбол (11-16 маусым);
футзал (4-9 маусым);
бокс (19-23 маусым).
 
«Батыр» спорт кешенінде:
– ерлер командалары арасындағы волейбол (17-23 маусым).
 
«Жас қанат» спорт кешенінде:
бадминтон (11-17 маусым).
 
«Волна» спорт кешенінде:
каратэ (11-14 маусым).
 
Yessenov Sport Club студенттік кешенінде:
жүзу (26-29 мамыр);
әйелдер командалары арасындағы волейбол (17-23 маусым);
тоғыз құмалақ (5-8 маусым);
таэквандо (18-20 маусым).
 
Универсиаданың ашылу салтанаты – 5 маусым күні, жабылуы – 22 маусым күні «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтетін болады.