ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Маңғыстау облысына келген іссапарында Yessenov University шаңырағына келіп, өңір жастарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Маңғыстау әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, университет президенті Берік Ахметов, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мұқаш Оралбай және өңіріміздің белсенді жастары, жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, жас кәсіпкерлер, еріктілер, студенттер қатысты.
 
Жиында министр Д.Қыдырәлі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылау үшін жас буынды белсенді ашық диалогқа шақырды.
Yessenov University президенті Берік Ахметов университетімізде студенттерге арналған бірқатар жобалар туралы да айтып өтті.
Жиналған жастар кездесу соңында сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
 
#yessenovuniversity