17 қараша күні Yessenov University Үздіксіз білім беру институты профессор Idris Кabalci (Usak University, Түркия) қатысуымен В010-Физика мұғалімдерін даярлау, В011-Информатика мұғалімдерін даярлау Білім беру бағдарламалары бойынша «Nanotechnology and Nanomaterials» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Шетелдік ғалымның курсын 30-ға жуық тыңдаушы онлайн форматта тыңдады.
Профессор семинарында нанотехнологиялар мен наноматериалдар феномені, сондай-ақ оларды өнеркәсіпте қолдану мәселелері талқыланды. Idris Kabalci профессорының бейне сабақтары негізгі нанотехнологиялар мен наноматериалдарға негізделген құрылғылардың әдістерін егжей-тегжейлі қарастырады.