2021 жылдың 12 қарашасында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың, «Total Energies Kazakhstan» компаниясының бас директоры Алем Фрига-Нойдың қатысуымен Totalenergies EP Қазақстан 15-18 қараша аралығында Инжиниринг факультетінде өтетін «TotalEnergies жазғы мектебінің lV маусымының» ашылу салтанаты өтті.
Total француз мұнай-газ компаниясы Royal Dutch Shell, British Petroleum және ExxonMobil кейін әлемдегі өндіріс көлемі бойынша төртінші орынды алады. TESS-тің негізгі мақсаты – TotalEnergies сияқты жаһандық энергетикалық компанияның энергетикалық секторды дамыту және жетілдірудегі тәжірибесіне бүкіл әлем бойынша көп жылдық тәжірибесі бар халықаралық сарапшылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қазақстандық студенттерге тиісті салаларда халықаралық сарапшыларының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын беру болып табылады.
Шараға ҚР Энергетика Министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті директорының орынбасары Жүкенова Алма, TotalEnergies профессорлар ассоциациясының Президенті Jean-Marc Fontaine және Вице-президенті Luc Benoit, «Total Energies Kazakhstan» компаниясының өкілдері, сондай-ақ, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Хасанов Даулетжан, «Қаражанбасмұнай» АҚ өкілі, «Өзенмұнайгаз» АҚ өкілі қатысты.
“Total Energy Summer School” Энергетика пәндері (мұнай-газ, мұнай-химия, геология және қоршаған орта), сондай-ақ энергетикаға байланысты пәндер бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура жоғары курс студенттеріне бағытталған. Бұл шараны өткізу болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту үшін маңызды мәнге ие және қазақстандық мұнай-газ саласының адами капиталын дамытуға елеулі үлес қосуда.