YESSENOV ARÝY MEN SULTANY – 2021

17 наурыз күні Yessenov University студенттері арасында «YESSENOV ARÝY MEN SULTANY — 2021» байқауы өтті.

Іс-шарада 5 қыз және 5 жігіт өздерінің таланттары мен зияткерлік қабілеттерін көрсетті.

Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша:

YESSENOV ARÝY болып ЖАЙНА ТЕЛОВА атанды.

YESSENOV SULTANY болып АЛҒЫТ ДАУРЕН жарияланды.

1 ай бойына байқау қатысушылары кәсіби мамандармен жұмыс жасап, тәжірибе жинақтады. Қыз балалар дәстүрді дәріптей отыра қолөнермен айналысып, қайнаған ауыл шаруашылығымен танысып, сонымен қатар қыш құмыра өнерінен мастер-классқа қатысты. Ал жігіттер садақ атып,  сынға түсті. 

Онымен қоса қатысушыларымыз қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, бір отбасыға көмек қолын созды.