Сон Си Мьен мырзамен кездесу

3 наурыз күні Yessenov University-де корей орталығының директоры Сон Си Мьен мырзамен кездесу өтті.

Бұл кездесу Yessenov University мен Tongmyong University (Оңтүстік Корея) арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ осы коллаборацияның екі жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларына беретін мүмкіндіктеріне арналды. 

Си Мьен мырза университеттер арасындағы тиісті шарттар шеңберінде Академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, орталық директоры тіл орталығы туралы ақпаратпен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.