Жумабаева Лаула Орынбасаровна

Жумабаева Лаула Орынбасаровна

PhD (Computer Science), Yessenov University тарапынан  KUTEL жобалық тобының үйлестірушісі.

2017 жылдан бастап университеттің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде қызмет атқарып келеді. 2014 жылдан бастап Жас патриоттар академиясының ғылыми кеңесшісі.

 

Білімі

Докторантура: 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2016 ж.

Магистратура: 510250 – Қолданбалы математика және информатика, әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті, 2004ж.

Бакалавриат: Қолданбалы математика, әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті,, 2001 ж.

 

Университет қабырғасында 2004 жылдан бастап «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында қызмет атқарған, одан әрі университеттің Халықаралық ынтымақтастық саласында қызмет етуде. Ақпараттық жүйелер және Халықаралық ынтымақтастық бағыттары бойынша Малайзия, Сингапур, Қытай елдерінің жетекші оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өткен.

 

14 ғылыми еңбектер мен жарияланымдары бар, оның ішінде 6 ғылыми еңбегі Web of Science және Scopus деректер қорында жарияланған, 2 зияткерлік меншік құқығына авторлық куәлік иесі.