Пәннің мақсаты: студенттерді математика ғылымының даму тарихымен таныстыру, математиканың дамуының қозғаушы күштерін түсінуге көмектесу. Пәнді оқыту математикалық білімдердің жинақталу мерзімі, математикалық ғылымның қалыптасуы (б.з.д. ҮІ ғ.- б.з. ҮІ ғ.), ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы математиканың даму панорамасы, мектеп математикасы курсының әрбір мазмұнды-әдістемелік бағыттарының даму тарихы тақырыптарын қамтиды.
математиканың дамуының негізгі тарихи кезеңдерін, неғұрлым маңызды математикалық идеялар мен нәтижелер авторларының аттарын, отандық ғалымдардың математиканың дамуына қосқан үлесін сипаттайды; оқу пәндерін зерттеу мен жобалауда алынған білімдерін қолданады;
тарихи тұрғыдан математикалық мәселелерді талдайды; әртүрлі математикалық мәселелер арасында байланыс орнатады; тарихи есептерді шешу әдістерін түсіндіреді.