МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ “БОЛАШАҚ”

3 маусым күні сағат 17:00-де (Нұр-сұлтан уақытымен сағат 18:00-де) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Карбозованың қатысуымен Yessenov University студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «"Болашақ" бағдарламасын іске асырудағы өзгерістер» тақырыбында бейнеконференция өтеді.

Брифинг Zoom платформасында онлайн режимінде өткізіледі.⠀
«Болашақ» бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде 10 747 маман түрлі қызмет салаларында даярланды.