20 ақпан күні Yessenov University-де Манғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының бірінші орынбасары Бектенов Олжас Абайұлы студенттермен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық бойынша жалпы мәселелер талқыланды, сыбайлас жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсерлерін баяндады. Сонымен қатар еліміздегі жастар қозғалысының маңыздылығын атап өтіп жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуына кеңес берді.
Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.