Yessenov University ректоры Берік Бахытжанұлы Ахметов және Ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ермек Талантұлы Нұрмағанбет Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовпен кездесті. Кездесу барысында Yessenov University мен Ресей Федерациясының жетекші жоғарғы оқу орындары арасында Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жаңа инновациялық технологиялар бойынша тәжірибе алмасу, сонымен қатар білім беру қызметтерін экспорттау аясындағы стратегиялық бағыттарды жаңғырту мақсатында маңызды келіссөздер жүргізді.