6 наурыз күні «Педагогика» факультеті «Физика және математика» кафедрасының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен түрлі сахналық көріністер көрсетілді, әндер орындалды және ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – анаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсету, студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.