Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.
Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2 кезеңнен тұрды.
Алдын-ала сырттай кезең қорытындысы бойынша Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 3-курс студенттері Мавлешова Айкен, Тұрған Ақнұр, Қошқарбаев Бауыржан, аға оқытушы Құралай Ракатовна Аманчаеваның ғылыми жетекшілігімен «Алау» командасына шақырту алды.
Ақтық кезеңде «Алау» командасы үшінші орынға ие болды.