Теңізшілердің пәндік олимпиадасы

YESSENOV UNIVERSITY Теңіз академиясында «Теңіз техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;
2) студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі бекіту үшін жағдай жасау;
3) студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;
«Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының байқау комиссия қорытындысы бойынша келесідей жүлделі орындарға ие болды:
• 1 орын – Ибраш Әйгерім ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен – Атырау Мұнай және газ институтының командасы (Атырау қ.) марапатталды.
• 2 орын – Коробецкий Михаил ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен – YESSENOV UNIVERSITY теңіз академиясының командасы (Ақтау қ.) марапатталды.
• 3 орын – Тойлыбаев Мирас ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен – Атырау Мұнай және газ институтының командасы (Атырау қ.) марапатталды.