«Экономика» кафедрасында «Нашақорлық қауіпті індет, алдын алу міндет» атты кураторлық сағат өткізілді. Қоғамның ең қауіпті дерті жөнінде студенттерге осы індетпен күресудің нақты жолдары айтылды. Соңғы жылдары облысымызда жастар арасында нашақорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар өткізіліп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп келеді. Қылмыстың туындауына, ұлттық азғындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес — бүгінгі таңда ерекше назар аударылған, сондықтан мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру баршамыздың басты міндетіміз. Жастарымызды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресуге, Ұлт саулығын бүгіннен қалыптастыруға шақырамыз!