Yessenov University басшылығы Қазан Федералды Университетінің «Менеджмент, Экономика және Қаржы» институты директоры, экономика ғылымдарының докторы Багаутдинова Наиля ханыммен кездесті. Yessenov University ректоры Берік Бахытжанұлы Ахметов Қазан Федералды Университетінің өкілін жылы лебізбен қарсы алып, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың және екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық түйіндерін анықтау мақсатында келліссөздер жүргізді. Сонымен қатар, «Экономика және Құқық» факультетінің оқытушы-профессорлық құрамымен және белсенді студенттерімен кездесу ұймдастырылды. Бүгінгі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындары үшін сапалы, әрі динамикалық түрде дамып келе жатқан халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастық орнатуда маңызды бағыт болып табылатындығы анық. Осығын орай, келліссөздер қорытындысы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту мақсатында Yessenov University мен Қазан Федералды Университеті арасында Экономика бағыты бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.