Жылуэнергетика (магистратура) ғылыми – педагогикалық

7М07105 – “Жылу энергетикасы” білім беру бағдарламасы жылуэнергетика саласындағы жоғары білікті маман-магистрды дайындауға, үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде, көшбасшы болуға, командада жұмыс істеуге, бәсекелестік орта жағдайында әрекет етуге және жеңуге бағытталған. Осы білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерге жылу энергетикасы және жылу техникасы саласында терең кәсіби және іргелі дайындық береді: жылу және электр энергиясын өндіру технологияларымен таныстырады, сынақтарды өткізуге және өндіріске жаңа жылуалмастырғыш жабдықтарды енгізуге, жабдықтарды, техникалық құралдар мен материалдарды стандарттауды жүргізуге үйретеді.

Дағдылар

• Электр энергия мен қуатын тұтынудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын қалыптастыру.
• Электр энергия мен қуатын тұтынуды қысқа мерзімді жоспарлау және көрсеткіштерді есептеу
• Техникалық жобаны әзірлеу және келісу
• Техникалық тапсырманы талдау және техникалық жобалауға дайындау.
• Жылу энергиясын жіберу режимдерін жоспарлау.
• Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау

Басты қызметтер

• Оқытушы
• Ғылыми қызметкер
• Энергетикалық объектілердің аудиторы
• Энергия аудиторы
• Бас инженер
• Бастықтың пайдалану жөніндегі орынбасары
• Инновациялық даму менеджері
• Инновациялық қызмет жөніндегі менеджері
• Есеп және режим бойынша инженері
• Инженер-жылу энергетигі