Aқпараттық жүйелер

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру ақпараттық жүйелердің әр түрлі салаларына бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл серверлік, желілік және жүйелік әкімшілер, кәсіби дағдылары халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін ақпаратты қорғау және қауіпсіздік жөніндегі мамандар. Аталған білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық технологиялар саласында; ғылыми негізде әртүрлі процестерді автоматтандыруды және басқаруды жүзеге асыра алатын, автоматты басқару жүйелерін сәйкестендірудің заманауи әдістерін, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуде инновациялық тәсілдерді қолдану дағдыларын көрсететін түлектерді даярлау.

Дағдылар

– ақпараттық жүйелерді жобалау және пайдалану;
– ақпараттық банктік жүйелерді пайдалану (АБЖ);
– ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу;
– жүйелер мен желілерді басқару;
– МҚ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету;
– кәсіби және тұлғалық өсу үшін өзін-өзі талдау және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын меңгеру.

Басты қызметтер

– мәліметтер қорының әкімшісі;
– жүйелік және желілік әкімшілендіру бойынша маман (жүйелік әкімші);
– жүйелік сәулетші;
– ақпаратты қорғау жөніндегі мамандар;
– мамандық бойынша ғылыми қызметкер;
– веб-бағдарламалаушылар;
– мобильді қосымшаларды әзірлеу жөніндегі мамандар.