Машина жасау

Мазмұны

7М07109-Машина жасау білім беру бағдарламасы заманауи автоматтандырылған өндіріске бағытталған машина жасау саласындағы магистрлерді дайындауға бағытталған. “Машина жасау” ЖҚ жұмыспен қамту және машина жасау саласы қызметкерлерінің еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерін жақсарту үшін білім беру сапасын арттыру болып табылады. Жаңа білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламасы кәсіби қызмет ретінде зерттеулермен, жобалаумен, ұйымдастыру – басқару және өндірістік – технологиялық қызметпен айналысуы тиіс машина жасау саласының мамандарын даярлауға бағытталған.

Дағдылар

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде
– жеке және кәсіби құзыреттілікті дамыту;
– бөлшектерді дайындау мен машиналарды құрастырудың жаңа бәсекеге қабілетті технологияларын жасау кезінде терең жаратылыстану-ғылыми, математикалық және инженерлік білімді қолдану;
– машина жасаудың күрделі бәсекеге қабілетті бұйымдарын және оларды өндіру технологияларын жасау үшін, соның ішінде қазіргі заманғы CAD/ CAM/ CAE өнімдерін пайдалану үшін инженерлік жобаларды орындау және негіздеу;
– машина жасау объектілері мен үдерістерін жүйелі талдау және үлгілеуді пайдалана отырып инновациялық инженерлік міндеттерді шешу;
– кәсіби этика кодексін және инженерлік қызметті жүргізудің әлеуметтік нормаларын сақтау;
бейіндік дайындық кезінде
– білім алушыларда инженерлік педагогикалық және зерттеу іс-әрекетінде үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты қалыптастыру және жинақталған тәжірибені сыни тұрғыдан қайта ойлау қабілеті;
– әр түрлі бағыттағы және біліктіліктегі мамандардан тұратын ұжымның жұмысын ұйымдастыру және тиімді басқару дағдыларын меңгеру, сондай-ақ орындалған жұмыс нәтижелері үшін жауапты болуға дайын болу;
– өңірдің ерекшелігін ескере отырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікке және әлеуметтік ұтқырлыққа ықпал ететін жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттерге ие болу;
-білім алушылардың әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру: мақсаткерлік, ұйымшылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, азаматтық, патриотизм, төзімділік;
– кәсіби ортада коммуникацияны жүзеге асыру, инженерлік және зерттеу қызметінің нәтижелерін, соның ішінде шет тілінде таныстыру және қорғау қабілеті.

Басты қызметтер

-ғылыми және педагогикалық даярлық кезінде – мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың жоғары және арнайы оқу орындары, ғылыми-зерттеу, өндірістік, сараптау мекемелері.
-бейінді дайындық кезінде – цех бастықтары; бас технолог; конструктор; бас инженер; бас механик; инженер-технолог; автоматты желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы; автоматтар мен жартылай автоматтарды баптаушы; бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы; кәсіпорынның бас маманы;

Пайдалы сілтемелер

Бөлімнің байланыс ақпараты

Машина жасау

Жұм. кестесі: 09:00 – 18:00