Transport and Transport Equipment and Technology

Мазмұны

Құзыреттілік тәсілге негізделген білімді іске асыру және көлік кәсіпорны жұмысының оңтайлы өндірістік-технологиялық режимдерін анықтау, көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша перспективалық жобаларды әзірлеу, жөндеу кәсіпорындарын дайындау бойынша технологиялық есептерді орындау, жүк тасымалдаудың технологиялық процестерінің жұмыс режимдерін таңдау және нормалау, көлік кәсіпорындарының жұмыс режимдерін басқару саласында жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, білікті кәсіби кадрларды даярлау, көлік жағдайын өлшеу және диагностикалау құралдарын тексеруді жүзеге асыру, көлік техникасын алдын ала жөндеу, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын жасау.

Дағдылар

– технологиялық, конструкторлық, эстетикалық, экономикалық және басқа параметрлерді ескере отырып, машиналар мен жабдықтардың жобаларын әзірлеу;
– материалдарды, көлік техникасы мен жабдықтарын таңдауда ақпараттық технологияларды қолдану.
– көлік техникасы мен жабдықтарын стандарттау және сертификаттау бойынша іс-шараларды жүргізу, оларды дайындау және жөндеу технологиясы; көлік техникасын пайдалану және жөндеуге байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару;
– АКҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру саласындағы автомобильдер мен көлік конструкцияларының дамуының негізгі үрдістерін көрсетеді;
– көлік процесін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық, басқарушылық және экономикалық ұсынымдар әзірлейді;
– пайдалану материалдарының сапасына өндірістік бақылау жүргізеді.
– бекітілген нысандар бойынша техникалық құжаттаманы және белгіленген есептілікті жасау бойынша жұмыстарды орындайды;
– қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқама жүргізу;
– көлік техникасының сапа менеджменті бойынша құжаттаманы дайындау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Басты қызметтер

– көлік техникасы мен жабдықтарын өндіретін машина жасау зауыттары;
– көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар;
– конструкторлық, жобалық және технологиялық ұйымдар;
– машина жөндеу кәсіпорындары;
– машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және дилерлік орталықтары;
– маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтер;
– материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйелері,
– көлікті басқару қызметтері.

Пайдалы сілтемелер

Бөлімнің байланыс ақпараты

Transport and Transport Equipment and Technology

Жұм. кестесі: 09:00 – 18:00