30-жылдыққа 30 жоба.

30 сәуір күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті және «Каспий кәсіпкерлік» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай «30-жылдыққа 30 жоба» айдарымен  ұйымдастырылған «School Skills» онлайн стартап жобалар конкурсы өтті. 

Конкурс жұмысына: Маңғыстау облыстың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары А.Т.Айтжанова,  Эксперттер : Хамит Айдар –«Жастар қызметкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директордың орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы, Б.М.Есбергенова Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бизнес-тренер, Г.Н.Космаганбетова «Каспий» кәсіпкерлік орталығы координаторы қатысты. Конкурсқа өңірдің 30 колледж және университет студенттері қатысып 30 жоба ұсынылды. 

Өңірде қажетті әлеуметтік және бизнес жобалар қорғалып, студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті. Конкурс қорытындысы бойынша, 10 үздік жоба анықталды. Айта кететіні, «Каспий» кәсіпкерлік  орталығы арқылы 3 жоба қыркүйек айында іске асырыла бастайды.