29-31 наурыз «ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР II» АТТЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БАТЫС АЙМАҚТЫҚ ФОРУМ.

Yessenov University UNION студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен, Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасының қолдауымен форумға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Форумның мақсаты – Еліміздегі жастар тұлға болып қалыптасуына атсалысып, қазіргі таңдағы жастар арасындағы ең өзекті мәселелерді талқылап, белсенді, нағыз көшбасшы студент жастарды бір арнада тоғыстыру. Форум бағдарламасы жаңаша ойлайтын жастар үшін әртүрлі бағытқа негізделген.

Форумның алғашқы күнінде салтанатты ашылу рәсімінен кейін дөңгелек үстел өтті. Жастарды тыңдадық. Оларды алаңдатып жүрген мәселелерді ортаға салып, шешімін бірге іздедік. Сын-қатерлердің алдын алу жолдарын талқыладық.

            «Ақыл – жастан» дегенге бүгін әбден көзім жетті. Жас болса да, ақылы толысқан студенттердің өткір ойлары мен батыл пікірлеріне риза болдық.

Форум қортынды кеші концерттік шарамен басталып, серіктесіміз Grand Hotel Victory мейрамханасында ауыз ашармен аяқталды. Маңғаз Маңғыстаудың қасиетті жерлерінің бірі Отпан тауға барған экскурциялық сапарынан ерекше әсер алған қонақ студеттеріміздің бізге айтар алғысы шексіз екеніне көзіміз жетті. Бұл ұлы бастау үздіксіз болуын тілейміз.