27 қыркүйек – Халықаралық туризм күні

Yessenov University «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасы «27 қыркүйек  – Халықаралық туризм күніне»  орай шара ұйымдастырды. Мерекелік шараға «Туризм» мамандығының студенттері белсене қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Шараға «Турист» ЖШС директоры Е.М. Слюсарева шақырылып, өлке туризмінің бүгінгі жай-күйін әңгімеледі.  Шара жоғары деңгейде өтті, студенттер жақсы көңіл күйде кетті.