2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН “ЖАС ҒАЛЫМ” ЖОБАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүгін, 10 қазаннан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жарияланды.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологтялық қауіпсіздік ғылыми бағыттары бойынша өтінім бере алады.

Жалпы қаржыландыру сомасы – 9 млрд. теңге.

Былтырғы конкурстан өзгеше жаңалықтардың бірі:

– жобаны қаржыландыру сомасы үш жылға 30 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды (бұрын 24 млн. теңге болған);

– кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар PhD докторы ғылыми кеңесші бола алады;

– соңғы 6 ай ішінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға толық ставкада және одан да көп жұмылдырылған зерттеу тобының мүшесі болып табылмау. Яғни, 0.5/0.75-ке тартылған ғылыми жобалар мен бағдарламалардың зерттеу топтарының мүшелері осы конкурсқа қатыса алады.

Постдокторанттың және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер ҒЖБМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2023 жылғы 13 қазан.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 11 қараша (қоса алғанда).

Толық ақпаратты осы сілтемеге өту арқылы қарай аласыз. https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/634085?lang=ru

#ҒЖБМ, #Ғылымкомитеті, #yessenovuniversity