July 2020

Month

5 мамыр күні сағат 20:20-да Yessenov University ресми YouTube парақшасында YESSENOV FEST жаңа форматта өтеді! ?«YESSENOV» Республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысын шығару ?«Jas Kasipker 2020» стартап жобалар республикалық конкурсының қорытындысын шығару ?«YU chess cup» байқауының нәтижелерін жариялау
Read More
Ардақты отандастар! Сіздерді мамырдың мамыражай күнімен бірге келетін тамаша мереке 1-мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің, бірлігіміздің мерекесі.
Read More
⠀Ардақты отандастар! Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті - Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан. Осы қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға тілектер қабыл болсын.
Read More
Қадірменді Қазақ Елі! Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз құтты болсын! Мейірім мен ізгіліктің, достық пен махаббаттың, барлық тың істердің бастауы болған, бірлік пен ынтымақтың арқауы болған әз Наурыз - татулықтың мерекесі. Наурыз айын Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы деп білеміз.
Read More
Қадірлі Отандастар, құрметті әріптестер! Әлемнің барлық дерлік елдерінде адамзатқа үлкен кесірі тиген коронавирус дерті Қазақ елін де айналып өтпеді. Бұл жағдайды экономикалық дағдарыс та ушықтыра түсуде. Әлемге бұндай төнген қауіптің арасында қазақ халқы өз жай-күйін ата-бабаларымыздан қалған, қазақтың қанына біткен қасиет ауызбіршілік пен ұйымшылдық арқасында берік ұстауда. Жұмылған жұдырықтай бір болып, елдегі ахуалды түсініп, барлық...
Read More
Құрметті Yessenov University студенттері мен оқытушылары! Елімізде болып жатқан ахуалға байланысты, короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында университетімізде білім беру 16-наурыз күнінен бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен болатын.
Read More
Бүгін 14-наурыз Амал мерекесі-көрісу күні! Осындай ұлыстың ұлы күнінде тәрбиелік мән-мағынасы зор, ұлттық салт-дәстүрге бай, дәстүрлердің жаңғыруы мен даму жолындағы барша Маңғыстаулық ағайынды келіп жеткен мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Read More
Көктем шуағымен бірге келетін ең шуақты мереке 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Read More
Кейде күнделікті істердің циклінде біз көптеген негізгі нәрселер туралы ұмытып, ойланбаймыз. Біз кімбіз? Неліктен біз бұл әлемге келдік? Әлемді жақсартып, әдемі ету үшін не істей аламыз? Сөйлеу керек жерде, біз, өкінішке орай, үндемейміз. Өкінішке орай, біз кейбір фактілерді көргіміз, естігіміз немесе айтқымыз келмейді, бірақ олар бар.
Read More
1 2 3 4