«Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында «Дәстүр және мейірім» атты тақырыпта фестиваль өткізілді. Фестиваль аясында ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі, студенттермен әзірленген тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастрылып, ұлттық музыкалық шығармалар орындалды. Фестиваль нәтижесінде түскен қаражатты әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде беру туралы шешім қабылданды. Read More