Манғыстау облыстық соты қолдауымен «Татуластыру рәсімдері бойынша оқу орталығы» кабинеті ашылды. Бұл кабинет татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша және дауларды соттан тыс шешудің басымдықтары туралы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге арналған. Татуластыру рәсімдері дауларды реттеуге, тараптар арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге және дауларды шешудің өзара тиімді жолдарын табуға бағытталған.Read More