2018 жылдың 19-21 қазаны аралығында «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және «Педагогикалық технология» кафедрасының доценті Ш.Сапарбайқызы Түркияның Құшадашы (Құс аралы) қаласында өткен «Түрік-ислам мазар тастары» тақырыбындағы халықаралық симпозиумда Маңғыстау жерасты мешіттері, оның тарихи-танымдық, рухани-ағартушылық қызметі туралы баяндамалар оқыды. Сонымен қатар профессор Б.И.Нұрдәулетова симпозиумның 5-отырысын жүргізді. 3 күнге созылған симпозиумда Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырым, Маңғыстаудағы түркі...Read More
Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақ тілін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын орындау және жаңа әліпбидегі жазу емлесінің Жобасын таныстыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мүшелері «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының бөлім басшысы А.Ықыласқызы 2018 жылдың 25-26 қазаны аралығында облыстың Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандары тұрғындарымен кездесіп,...Read More