18 қыркүйек күні Маңғыстау өңірінің “Jas Otan” төрағасы Н.Мағдатов Yessenov University-де бөлімше басшысы ретінде Нарұл Қожабергенді тағайындады.
“Jas Otan” жастар қанаты еліміздегі көшбасшы жастар ұйымы. Жастар қанатының негізгі жұмыстары
студенттермен бірлесе жүргізіледі.
Қазір Маңғыстау өңірінде 145 мыңнан астам жас болса, соның 1600-ден астамы жасотандықтар.
«Бүгін маған сенім артып, осы қызметке тағайындағандарыңызға алғыс айтамын. Мен үшін Yessenov University-де “Jas Otan” жастар қанатының ұйымын басқару үлкен мәртебе» деді Нарұл Қожаберген.