13 ақпан күні Ақтау қаласындағы Өзбекстанның Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримов пен Yessenov University-де білім алатын Өзбекстан азаматтарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту, студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейту және болашақ жоспарлар талқыланды. Бүгінде Yessenov University Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен ғылыми жобалар, академиялық алмасу бағдарламалары және білім беру саласындағы әртүрлі бастамаларды жүзеге асыруда. Университетімізде Өзбекстаннан келген студенттер үшін сапалы білім алу және кәсіби дамуға барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, дәл осы күндері Өзбекстанда ұлы ақындар Әлішер Науаи мен Захириддин Мұхаммед Бабур күндері тойланып жатыр.
Олардың шығармалары — бүкіл түркі әлемінің рухани мұрасы. Өзбекстан этно-мәдени бірлестігінің Ақтау қаласындағы өкілдері ұлы ақындардың шығармышылығы мен еңбектері туралы бөлісіп, студенттер әңгімелесуге ат салысты.