Ұлағаттылық ұрпақ тәрбиесінен басталады

8 ақпан күні Yessenov University «Саналы ұрпақ» клубы аясында ұйымдастырылған “Ұлағаттылық ұрпақ тәрбиесінен басталады” атты кездесу өтті. 

Кездесуге “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысы” республикалық ұйымының Маңғыстау облысы филиалының директор орынбасары, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Аллаберген Қонарбаев қатысты.  

Кездесу барысында парасатты қоғам, ұлағаттылық тәрбие, отбасындағы құндылықтар, жемқорлыққа қарсы күрес сияқты жан-жақты тақырып қозғалды. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Шара соңында Аллаберген мырза белсенділік танытқан студенттерге жазушы әкесі Әзірбайжан Қонарбаевтың туындысын «Күлкі базар» атты кітаптарын сыйға тартты.