2024 жылдың 15 сәуірінен бастап үздіксіз білім беру институтында бизнесті жүргізу негіздерін білгісі келетін тыңдаушылар үшін “Business Skills” (бизнес жүргізу дағдылары) тақырыбында курс басталды. Курсты “Бизнес және құқық” факультетінің “Экономика” кафедрасының профессор-ассистенті, бизнес-тренер, коуч Салкынбаева Фатима Давитбайқызы жүргізеді.
Курстың мақсаты – тыңдаушылардың кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа құзыреттер мен практикалық дағдыларды игеруі.
Оқыту барысында аудиторияға кәсіпкерлік ойлау жүйесінің негіздерін ұсыну, табысқа жетудің алғашқы қадамдарын егжей-тегжейлі зерделеу, идеяларды, бизнес-модельдерді және бизнесті жоспарлауды талқылау жоспарлануда. Тыңдаушылар бизнестің жай-күйін талдауды және оның өсу нүктелерін табуды, кәсіпкерліктегі маркетингтік мәселелерді шешуді, сату стратегиясымен жұмыс істеуді және инвестицияларды тартуды үйренеді. Курс барысында қатысушылар нақты іс негізінде практикалық тапсырмаларды орындауы, Бизнес-жоспар әзірлеуі және Бизнес-жобаны қорғауы керек.
Курс аяқталғаннан кейін оқу бағдарламасын сәтті меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен тыңдаушыларға біліктілігін арттыру туралы сертификаттар беріледі.