2024 жылғы 7-қазаннан бастап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы педагогикалық қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы №110 бұйрығына сәйкес, педагогикалық емес мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарының екінші легі басталды. Бұған дейін Үздіксіз білім беру институты 2023-2024 оқу жылында педагогикалық білімі жоқ, алғаш рет педагогикалық қызметке кірісетін кәсіби білімі бар тыңдаушыларға арналған оқыту курстарының алғашқы легін өткізген болатын.
Кадрларды қайта даярлау бағдарламалары жаңа кәсіби қызмет түрлерін орындау үшін қажетті білім, дағды мен қабілеттерді меңгеруге бағытталған.
Құжаттарды қабылдау және тыңдаушыларды педагогикалық қайта даярлау курстарына қабылдау мамандықтар сәйкестігінің классификаторы бойынша жүргізілді. Қазіргі уақытта тыңдаушылар келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда: 6В01705 — «Шетел тілі: екі шетел тілі», 6В01503 — «Информатика» және 6В01502 — «Физика».
Курстарды жоғары білікті тренерлер жүргізуде, атап айтсақ педагогика ғылымдарының магистрі Ж.А.Тәжібаева, педагогика ғылымдарының кандидаты «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының меңгерушісі Э.У.Сағындықова, «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, дефектолог Г.М. Жолдыбаева, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ассистент профессоры Г.О.Урбисинова, педагогика ғылымдарының магистрі Ж.Б.Бекенжан, «Педагогика» кафедрасының ассистент профессоры М.Б.Кабақова, шетел тілдері ғылымдарының магистрі М.С.Жақыпбекова, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессоры Э.А.Абдыкеримова және «Фундаменталды ғылымдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры К.Б.Бижанова.
Курстарға теориялық оқыту мен практикалық сабақтар кіреді. Бағдарлама тек мамандардың қажеттіліктеріне және педагогикалық дағдыларды қарқынды практикаға бағытталған.
Педагогтік қайта даярлау курстарын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға ұлттық үлгідегі сертификат беріледі.