? ҰБТ туралы

Биылғы ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтіп жатқаны барлығымызға мәлім: түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс.

Бекітілген медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес Yessenov University тарапынан барлық жағдай қамтамасыз етілген. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әрбір аудитория кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Аудиториялар тек 35-40%-ға дейін толтырылған.

ҰБТ өткізілетін пункте барлық тестіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті:
 дезинфекциялық тоннельден өту,
 арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру,
 дене қызуын өлшеу,
 қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу,
 медициналық маскалар беру.

Осы негізде, Ақтау қаласы бойынша ұйымдастырушы Yessenov University тапсырушы талапкерлерді өз денсаулықтарына еш алаңсыз, басты назарын емтиханға бағыттауын сұрайды.
Өз күштеріңізге сенімді болыңыздар! Сәттілік, Талапкер!

#ұбт2020 #ент2020