Биылғы ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтіп жатқаны барлығымызға мәлім: түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс.
Бекітілген медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес Yessenov University тарапынан барлық жағдай қамтамасыз етілген. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әрбір аудитория кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Аудиториялар тек 35-40%-ға дейін толтырылған.
ҰБТ өткізілетін пункте барлық тестіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті:
✔ дезинфекциялық тоннельден өту,
✔ арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру,
✔ дене қызуын өлшеу,
✔ қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу,
✔ медициналық маскалар беру.
Осы негізде, Ақтау қаласы бойынша ұйымдастырушы Yessenov University тапсырушы талапкерлерді өз денсаулықтарына еш алаңсыз, басты назарын емтиханға бағыттауын сұрайды.
Өз күштеріңізге сенімді болыңыздар! Сәттілік, Талапкер!