⠀Ардақты отандастар!

Сіздерді мамырдың мамыражай күнімен бірге келетін тамаша мереке 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Бүгінгі мереке – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің, бірлігіміздің мерекесі. Осы бірлік пен түсіністіктің арқасында Қазақ елі қиындықтарға төтеп беріп, сыйластық пен елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Қазіргі әлемде белең алған індеттің кесірінен туған тұрақсыз, өзгерістерге толы қиын кезеңде еліміздегі сол ауызбіршілік пен татулықты сақтап қалу біздің ең басты борышымыз.

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр отбасыға шаттық пен бақ-береке тілеймін!