17 сәуір күні «Ғылым – Маңғыстау өңірінің тұрақты даму негізі» атты ғылым айлығына орай Yessenov University-де «Ғылым және технологиялар» факультетінің ұйымдастыруымен «Өнертапқыштар жане олардың өнертабыстары» атты студенттік ғылыми жұмыстар конкурсы өтті.
Конкурсты Ғылым және зерттеу басқармасының басшысы С. Сырлыбекқызы және «Ғылым және технологиялар» факультетінің деканы Г.Н.Нигметова ашып берді. «Өнертапқыштар жане олардың өнертабыстары» атты студенттік ғылыми жұмыстар конкурсына факультеттер арасынан 18 білім алушы қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғады.
Өнертапқыштардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша гуманитарлық және техникалық бағыттар бойынша 6 ғылыми-зерттеу жұмыстары үздік деп саналып, жүлделі орындарды иеленді.
Гуманитарлық бағыт бойынша:
1-орынға «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттері Жарылқасын А.Ш. және Ақтанқызы А.,
2-орынға 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Бекболат Қ.Б.;
3-орынға «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Байрамова. Г.Б ие болды.
Жаратылыстану бағыты бойынша:
1-орынды 6B01503 – «Информатика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Дюсебаев Диас;
2-орынды 6B06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Айдар Аскарович;
3-орынды 6B01504 – «Химия» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Назарханқызы Әсел иеленді.