28 сәуір күні Yessenov University онлайн режимінде “Ғылым мен білім берудегі заманауи технологиялар” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияда қазіргі кезеңдегі ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық мәселелерінің кең ауқымы, көмірсутек кен орындарын цифрландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ техникалық ғылымдар мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Конференция жұмысына Ресейдің (И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті), Әзербайжанның (Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы) және Қазақстанның ғылыми және білім беру ұйымдарының ғалымдары, сондай-ақ өңірдің мұнай өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарының өкілдері қатысты.