25 Желтоқсан 2019

«Әбіш әлемі» кеші

Yessenov University-де Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған «Әбіш әлемі» атты әдеби-мәдени күндерін қорытындылау кеші өтті.

Салтанат кемеңгер тұлғаның ғибратты өмір жолы, атқарған қызметтері туралы ақпараттар қабырғаларда көрініс тапқан Әбіш Кекілбайұлы атындағы ғылыми-зерттеу зертханасының таныстыруымен басталды.
Аталмыш шараға Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, Кекілбай Дәулет Әбішұлы, немересі Әбіш Баязит Дәулетұлы, өлке зерттеушілері, жазушылар Әбілқайыр Спан, Отыншы Көшбай, Алқажан Еділхан, жас әбіштанушы Бақтыбай Жайлау ақын Жұмагүл Мұрсалова, Абыз шығармаларын орындаушылар жыршы Оспан Құлсымақ, сазгер Есенбай Құли қатысты.
Шара соңында Yessenov University-де өткен дәстүрлі ІІІ Әбіш оқулары байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен марапаттарды Кекілбай Дәулет Әбішұлы табыс етті.

Шара соңында Yessenov University-де өткен дәстүрлі ІІІ Әбіш оқулары байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен марапаттарды Кекілбай Дәулет Әбішұлы табыс етті.

Келесі нені оқу керек: