26 Желтоқсан 2019

Фариза Оңғарсынова атындағы оқу аудиториясының ашылуы

Yessenov University-де қазақтың белгілі ақын қызы, халық жазушысы, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Фариза Оңғарсынова атындағы оқу аудиториясы ашылды.

Кабинет ашылған соң университеттің Атриум залында Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Поэзия падишасы» атты поэзия кеші өтті. Yessenov University студенттері Фариза өлеңдерінен мәнерлеп оқып, өз арнауларын да арнады.
Алдағы үш жылда университет ғалымдары «Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы» атты ғылыми жобаны қолға алып, Фариза ақынның поэзиясын терең зерттеуге университет тарапынан қолдау тауып жатқандығына ризашылығын білдірді.
Кешке облыс әкімдіктің атынан Ержан Күмісқалиев, әншілер Екпін Толқынхан, Айгүл Құбаш, Гүләйім Қожантайқызы,Тергеу Айдарханов, Ақшагүл Рамазанова, ұстаз Жұмагүл Мұрсал қатысты.
Поэзия кеші өте әсерлі де мағыналы өтті.

Алдағы үш жылда университет ғалымдары «Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы» атты ғылыми жобаны қолға алып, Фариза ақынның поэзиясын терең зерттеуге университет тарапынан қолдау тауып жатқандығына ризашылығын білдірді.

Келесі нені оқу керек: