YESSENOV UNIVERSITY Үздіксіз білім беру институты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстар жүргізу құқығына «Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінен №KZ71VEK00007990 09.07.2018ж.  Аттестат алды.

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  және «Subsoil & Industrial Safety «SIS» ЖШС 19.06.2018 ж. №SIS -01/06-18 сарапшылық тұжырымына сәйкес Үздіксіз білім беру институтына құрылыс, тау-кен, машина жасау, мұнай-газ өндіру, мұнай-химия, мұнай өңдіру, химия өнеркәсібі салаларындағы, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін көтергіш механизмде, қазан, құбыр объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және  өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жасау жұмыстарын жүргізу құқығы берілді.