19 Қыркүйек 2019

«Менің Қазақстаным» атты Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі

Қазақстан халқы тілдерін дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін және қоғамдағы орнын көтеру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарау және университетте оқитын өзге ұлт өкілдері студенттер арасындағы достық пен бірлікті нығайту мақсатында Yessenov University «Орыс филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өтті. Фестивальде әр ұлт өкілі ана тілдерінде өз өнерлерін көрсетті. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені , өмірдің құнды тағылымдарын танып, келешек ұрпаққа жеткізеді.